Түркістан облысында жол қозғалысына бақылау күшейтілді

Түркістан облысында жол қозғалысына бақылау күшейтілді

Төлеби аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысына мониторинг жүргізуде. Орталық кезекшілері патрульдік полиция экипаждарымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарды.

Нәтижесінде Ленгір қаласындағы орталық базар маңында көлік қозғалысын реттеу және кептелістің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында жол қозғалысы талаптарын елемеген 5 жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар 70-ке жуық автокөлік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық жадынамалар таратылды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.