500 000-нан астам тұрғынға жеке-жеке алаяқтық қылмысы түсіндірілді

500 000-нан астам тұрғынға жеке-жеке алаяқтық қылмысы түсіндірілді
 
Интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында Түркістан облысы аумағында тұрғындар арасында кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаровтың тапсырмасымен полицейлер әрбір үйді аралап жеке -жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, бүгінгі күнге дейін 150 мыңға жуық үйдегі 500 000-нан аса тұрғынға алаяқтық қылмысы түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы дайындалған ескерту жадынамалары беріліп, құқықтық кеңестер айтылды.
Осылайша полицейлер өзекті болып отырған алаяқтық қылмысын болдырмау мақсатында әрбір тұрғынға жеткізу үшін бетпе-бет түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.