
Криминалистің бір күні - қауіп-қатерге толы, дәлелдемелерді іздеу мен талдаудан тұратын қарбалас процесс. Олар қылмыс орнын қарап, саусақ іздерін, басқа да айғақтарды жинайды. Осындай ұсақ ұрлықтан бастап, аса ауыр қылмыстарды ашуға дейін әр детальдың маңызын көрсететін мамандық иесі - криминалист Олжас Қыдырбекұлы.
Оның жұмыс күні таңғы бөлімшедегі саптық жиыннан басталады. Күнделікті тапсырмалар нақтыланып, жедел топ оқиға орнына шығуға дайын тұрады. Қызметтен кейінгі бос уақытында спортпен айналысып, табиғатта атпен серуендеуді ұнатады.
– Криминалистика саласын таңдауым – менің бірінші балалық арманым болды. Екінші себеп – күнделікті өмірде болатын шытырман қылмыстар мен олардың ашылуы, тергеу барысында дәлелдер жинау және іс-әрекеттерді дәлелдеу процесінің қызықты болуы, – дейді ол.