
Түркістан облысында ювеналды полиция тобының инспекторлары, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы, жастар ресурстық орталығы және білім бөлімінің қызметкерлері бірлесіп түнгі рейдке шықты.
Рейд барысында дәмхана, ойын-сауық орындары, мейрамханалар мен саябақтар тексеріліп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд қорытындысы бойынша түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жүрген 15 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың түнгі уақыттағы жүріс-тұрысына жауапкершілікпен қарауға және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.