Түркістан облысында мешіттерде азаматтарға құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысында мешіттерде азаматтарға құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында мешіттерде профилактикалық кездесулер өткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Кездесулер барысында жамағатқа интернет-алаяқтықтың алдын алу, күмәнді сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден сақтану жолдары, есірткінің зияны, сондай-ақ отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты кеңестер айтты. Аталған іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.