
Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы мен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен Ордабасы ауданы мен Бәйдібек ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті нығайту бағытында рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде барлығы 400 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік шара көрілді. Ал 30 автокөлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар жолдың қарсы бағытқа шыққан 8 жүргізушіге көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік шара көріліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Бұдан бөлек міндетті сақтандыру талаптарын бұзу, заңсыз қайта жабдықталған көліктерді басқару, техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөліктер, қауіпсіздік белдігін тақпау, телефон пайдалану, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін сақтамау секілді бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті баптар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Алдағы уақытта да өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.