Түркістан облысында полицейлер оқушыларға "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясын түсіндірді 

Түркістан облысында полицейлер оқушыларға "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясын түсіндірді 

Полицейлер  жоғары сынып оқушыларымен "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шарада жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және заң талаптарын сақтау жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шараға Шардара ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Құрманалы Абитаев, сондай-ақ мектептің әкімшілік құрамы қатысты. Шара барысында полиция полковнигі Қасымхан Сатыбалдиев оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңінен түсіндіріп, қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді.

Сонымен қатар кез-келген қауіп төнгенде немесе құқықтары бұзылғанда үнсіз қалмай, полиция қызметінің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті. Өз кезегінде полиция Құрманалы Абитаев  оқушылар қауіпсіздігі – әр баланың басты құқығы екенін айтып, балаларды заңды сақтап, тәртіпті болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.