Түркістан облысының бас полицейі қоғамдық қабылдау өткізді 

Түркістан облысының бас полицейі қоғамдық қабылдау өткізді 

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров халықтың уәждерін тыңдап, кері байланыс орнату мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың ішінен 15-ке жуық тұрғын өзінің көкейдегі сауалдарын қойды.

Атап айтқанда тұрғындар қоғамда белең алған интернет-алаяқтық мәселесін көтерсе, енді бірі кадр мәселелері мен қылмыстық істердің тергелуі бойынша уәждерін айтты. Әрбірінің мәселесін мұқият тыңдаған полиция басшысы, айтылған уәждердің оң шешілуі үшін жауапты полицейлерге сол сәтте тапсырмалар берді. Барлық азаматтың өтініштері мен арыздары мұқият тыңдалып, заң аясында шешу жолдары пысықталды.

- Тұрғындардың әрбір шағымы заң аясында объективті түрде қаралатын болады. Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындармен бірге бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біздің мақсатымыз - азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау, - деп атап өтті департамент бастығы Арыстанғани Заппаров