Түркістан облысында сталкингке қарсы форум-диалог форматындағы ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан облысында сталкингке қарсы форум-диалог форматындағы ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Оған Түркістан облысы полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ерлан Шамшат, Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмат Абидинов, мектеп оқушылары, колледж студенттері, ата-аналар, педагогтар, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Шара барысында сталкингтің негізгі белгілері, оның психологиялық және құқықтық салдары, жәбірленушілердің құқықтары мен оларды қорғау тетіктері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, жастарға нақты өмірлік мысалдар мен сахналанған көріністер арқылы қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді.

Форум аясында сөз сөйлеген Алмат Абидинов заңсыз әрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатын ұстану қажеттігін атап өтіп, әрбір азаматтың қауіпсіздігі мемлекеттің басты құндылығы екенін жеткізді. Ата-аналар мен ұстаздарға балалардың мінез-құлқына мұқият болу, күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау қажеттігі ескертілді. Ал жастарға өз құқықтарын білу мен заңды құрметтеу – қауіпсіз әрі тұрақты болашақтың негізі екені түсіндірілді