
Түркістан облысында полицейлер қарлы боранда жолда қалған ерлі-зайыптыға көмектесті
Арыс қаласында учаскелік инспекторлар М.Крокус пен А.Калмурзаев және аға жедел уәкіл С.Рыспаев жол жиегінде қарға батып қалған көлікті байқап, бірден көмекке ұмтылды.
Көлікте жүргізуші мен оның жұбайы болған. Қалың қардың салдарынан олар қозғалысты жалғастыра алмай, байланыс болмағандықтан көмек те шақыра алмаған.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көлікті қар құрсауынан шығарып, азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізді. Ерлі-зайыпты тұрғындар полицейлерге қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеруді ескертеді және жолда барынша сақ болуға шақырады.