
Түркістан облысында алаяқтың алдын алу мақсатындағы тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтілуде. Келесте полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден келетін хабарламаларға сенбеу қажеттігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар үнпарақтар таратылып, олар қоғамдық орындарға ілінді. Түсіндіру жұмыстары мешіттегі азаматтар арасында да жүргізілді.
Кездесу кезінде азаматтарға жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, банк карталарының мәліметтерін қорғау және алаяқтық деректеріне тап болған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу қажеттігі ескертілді.