Жол апаттарының алдын алу - полицияның басты мақсаты

Жол апаттарының алдын алу - полицияның басты мақсаты


Осы бағытта полиция ауқымды жиналыс өткізді. Оған Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Рахишев төрағалық етті. Шараға облысқа қарасты 17 қала, ауданның әкімшілік полиция бөлімдерінің басшылығы қатысты.
Күн тәртібінде өткен жылы атқарылған іс-шаралар сараланып, 2026 жылдың жоспарлары қаралды. Жеке құрамға жол апаттарының алдын алу, профилактиканы күшейту, жол қозғалысы ережесі бойынша оқушыларға дәріс өткізу, еріктілерді тарта отырып, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытындағы іс-шараларды жүйелі іске асыру тапсырылды.
Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.