Полиция заңсыз цехты анықтап, 2 тонн насыбай тәркіледі

Полиция заңсыз цехты анықтап, 2 тонн насыбай тәркіледі
 
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтады. Яғни егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды.
Қазіргі таңда аталған дерек «Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы» бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Елімізде насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екені айтылып, құқық қорғау органдары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.
Осы ретте Түркістан облысының полициясы халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын әлі де жалғастыруда.