
Биыл еліміз арайлы азаттығының отыз төртінші жылына қадам басып отыр.Сол жылы дүниеге келген арманы асқақ, өресі биік ұл мен қызда қазір 34 жасқа келді. Олар бүгінде бір-бір саланы тізгіндеп, қатарының алды атанып, өңірдің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Ел тыныштығына жауап беретін Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында да тәуелсіз елдің құрдастары бар.
Түркістан облысының Ішкі істер саласында Тәуелсіздікпен түйдей құрдас 121 полицей қызмет атқарады. Олар бұл салаға әр жылдары келгенімен, бәрінің ұстанымдары бір.
Еліміздің ішкі тәртібіне жауапты полицейлер алға қойған асқақ армандарын тәуелсіздіктің таңымен байланыстырады. Бұл саланың сан түрлі бағытында қызмет еткенімен Тәуелсіздіктің құрдасы атану бұл азаматтар үшін үлкен мәртебе, әрі мақтаныш.
«Біз Отан үшін адал қызмет етуге әрқашан дайынбыз! Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тәртібін қорғау біз үшін үлкен жаупкершілік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, -дейді ел егемендігімен құрдас, өз қызметтеріне адал бір топ тәртіп сақшылары»