Боранды түндегі жедел көмек: полиция қар құрсауында қалған көліктерді шығарып жатыр

Боранды түндегі жедел көмек: полиция қар құрсауында қалған көліктерді шығарып жатыр
 
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлап, боран соғып жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысында да патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған бірнеше көлік жүргізушісіне дер кезінде көмек көрсетті.
Сонымен қатар полицейлер жол жағдайын бақылап қана қоймай, жүргізушілер мен жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Көліктерді шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды.