Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды
 
Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың 9 айындағы жедел қызметтің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Кеңес барысында жедел жағдайдың жай-күйі, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту туралы баяндамалар тыңдалды. Облыста құқық бұзушылықтар саны 8,8% - ға төмендеген, ал қылмыстардың ашылуы 88,4 пайызды құрады.
Өңірдің бас полицейі негізгі басымдықтар азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамның полицияға деген сенімін нығайту екенін атап өтті. Кибералаяқтық және есірткі қылмыстарына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады деп жеткізді.
Бұдан бөлек, халық арасында құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге баса назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша полиция генерал-майор Мұрат Қабденов анықталған кемшіліктерді жою, профилактикалық қызметті күшейту, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берді.