Заң мен тәртіп:«Түркістан марафон – 2025» спорттық жарысына 3000-нан астам адам қатысты

Заң мен тәртіп:«Түркістан марафон – 2025» спорттық жарысына 3000-нан астам адам қатысты
 
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан марафон – 2025» атты жүгіру марафоны өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен жергілікті тұрғындар, спортшылар мен шетелден келген кәсіби атлеттер қатысты. Жалпы марафонға 3000-нан астам адам қатысып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетті.
Шараға Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы да белсенді түрде қатысып, халықпен бірге қашықтықты бағындырды. Полицейлер өз үлгілері арқылы жастарды спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден, әсіресе есірткіден бойды аулақ ұстауға шақырды.
Спорттық жарыстың басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру. Мемлекет басшысы өз жолдауында «Есірткі қылмысына қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс» екенін атап өткен болатын.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл бастаманы қолдай отырып, қоғамдағы әрбір азаматты спорт арқылы салауатты өмірге және есірткісіз болашаққа қадам жасауға үндеді.