«Республика күні» мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің қолдауымен жеке құрам арасында ауқымды спорттық сайыс өтті. Іс-шараға әрбір қала, аудандық полиция басқарма, бөлімінен қызметкерлер қатысты. Жарыс «Макаров тапаншасынан» оқ ату және шахмат ойыны бойынша өтті.
Мақсат – Полиция департаментінің жеке құрамы арасында мәдени-спорттық іс-шараларды дамыту және қызметкерлердің дене шынықтыру даярлығына деген оң имиджін нығайту.
Жарыс бойы қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде «Макаров тапаншасынан» оқ ату жарысынан І орынды полиция аға сержанты Қуатбек Үсенбеков, ІІ орын полиция подполковнигі Нұржас Асанов, ІІІ орынды полиция аға лейтенанты Бекәлі Төлеген алды.
Ал шахмат ойыны бойынша І орынды полиция капитаны Мәди Еркінбекұлы, ІІ орынды полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Ғабитұлы, ІІІ орынды полиция майоры Ержан Батырұлы иеленді.
Жарыс жүлдегерлеріне департамент бастығының "Грамота", "Алғыс хаты" мен бағалы сыйлықтары үлестірілді.
Өз кезегінде жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет ететіндіктерін жеткізді.