Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тосқауыл қойып, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау.
Іс-шара барысында полиция басқа да тиісті сала қызметкерлерімен бірлесіп браконьерлік, жасыл желектерді кесу, объектілер мен биологиялық ресурс өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізіп, рейд ұйымдастырады.
Сондықтан полицейлер облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Табиғи ресурстарды заңсыз өндіру анықталған жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.