"Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті.
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Түлкібас ауданындағы "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автожолында орналасқан "Шақпақ-баба" бекетінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Toyota Camry» көлігін тоқтатты.
Жедел уәкілдер тексеру барысында жүк салғыштан жолаушыға, Ақтөбе облысының тұрғынына тиесілі есірткі заттары салынған пакетті тапты. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 5 келі марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.