Полиция қоғамдық орынды ластап, абаттандыру талаптарын бұзудың 8000-нан астам жайтының алдын алды

Полиция қоғамдық орынды ластап, абаттандыру талаптарын бұзудың 8000-нан астам жайтының алдын алды
 
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысында профилактикалық шаралар үздіксіз атқарылуда. Ал полиция жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында рейдтік шараларды күшейтті.
Осы бағытта Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы полициямен бірге аймақтағы нысандарды аралады. Тексеріс барысында құрылыс қалдықтарын тасып жатқан заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігі анықталды. Нысан басына құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, қайта қалпына келтіру шарасы қабылданды.
Айта кетсек, жыл басынан бері қала аумағында қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданылған. Оның 6273 дерегі қоғамдық орындарды ластау болса, 2051 - абаттандыру талаптарын бұзу.
Полиция мен әкімдік тарапынан облыс орталығының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді шаралар жалғаса бермек.