"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Ордабасы ауданының аумағында полицейлер қоғамдық құқықтық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дрондар да жұмылдырылды.
Іс-шара барысында полицейлер 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, айыптұраққа 12 көлік қойылды. Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.
Мұндай кездесулер полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
— Біздің басты міндетіміз — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе жол қозғалысы кезінде әрбір азаматтың жауапкершілігі ерекше маңызды, - деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.
Полицейлер атап өткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.