3000 тұрғын нашақорлық пен интернет алаяқтығынан сақтандыру шараларына тартылды

3000 тұрғын нашақорлық пен интернет алаяқтығынан сақтандыру шараларына тартылды
 
Төлеби ауданында полицейлер нашақорлық пен интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу, заңмен тыйым салынған есірткі заттарын қолданбау және интернеттегі алаяқтық түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, банк карталары мен құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттілігін ескертуде.
Сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеу, ақшалай қаражат жібермеу және күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды. Мәселен аталған жұмыстар демалыс аймақтарында, жазғы лагерьлерде, аялдамалар мен базарларда, кәсіпкерлік нысандарында жүргізіліп, жалпы 3000-ға жуық тұрғынға түсіндіру шаралары атқарылды.
Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарды есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастырып, интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағы болуға шақырады.