Түркістан облысында полицейлер арасында үстел теннисінен турнир өтті

Түркістан облысында полицейлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
 
"Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету және салауатты өмір салтын насихаттау аясында Түркістан облысының Полиция департаментінде полиция қызметкерлері арасында үстел теннисінен спорттық турнир өтті.
Іс-шараға департамент аппараты қызметінің 20-ға жуық қызметкері қатысып, өздерінің спорттық шеберлігі мен денешынықтыру дайындығын, сондай-ақ жоғары мораль мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды полиция капитаны Нұрболат Түктібаев, ІІ орынды полиция капитаны Бақдәулет Мұхамеджан, ІІІ орынды аға лейтенант Тоқтар Билжанов иеленді. Турнирдің барлық жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, полицейлер арасында денешынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыруда маңызды рөл атқарып қана қоймайды және жас мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосады.