Түркістан облысында полиция оқушыларға алаяқтардан қорғану тәсілдерін түсіндірді

Түркістан облысында полиция оқушыларға алаяқтардан қорғану тәсілдерін түсіндірді
 
Түркістан облысында полиция киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өткізді. "Профилактика жылы" және "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласы жанында орналасқан "Үркер" жазғы сауықтыру лагерінде ауқымды кездесу өткізді.
Полиция қызметкерлері іс-шараға қатысқан 800-ге жуық оқушыға қаржылық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша сабақтар өткізді. Балаларға алаяқтықтың кең таралған түрлері, қылмыскерлердің қалай әрекет ететіні, сондай-ақ олардан қорғану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға цифрлық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ескертулер мен егжей-тегжейлі ұсыныстары бар ақпараттық жадынамалар таратылды.
Полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтықпен байланысты қауіптер туралы хабардар болудың маңыздылығын және онлайн кеңістікте сақтық шараларын сақтау қажеттілігін атап өтті. Полицейлер бұл профилактикалық іс-шаралар жастар арасындағы құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және оларды интернеттегі ықтимал қауіптерден қорғауға бағытталғанын жеткізді.