Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

 

Түркістан облысы Полиция департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті. Аталған шарада полицей болғысы келетін 50-ге тарта үміткерге кеңес берілді.

Акцияның мақсаты - ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниет білдірген талапкерлерге бағыт-бағдар беру. Қатысушылар полицей болу үшін қандай құжаттарды жинау керегін, қандай мамандықтарға бос орындардың бар екенін білді.

 «Түркістан облысы Полиция департаменті бос орындарға конкурс жариялап, жасы 18-35 жас аралығындағы, жоғары білімі бар азаматтарды ішкі істер қызметкері қатарына қосылуға шақырады. Бұл шара жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға өз септігін тигізеді. Елдің нағыз патриоттарын қатарымыздан көргіміз келеді»,- деп атап өтті полиция полковнигі Мақсат Асқаров.

Өз кезегінде шараға келгендер тәртіп сақшыларының қызметімен етене танысып, оларға жүктелген міндеттің қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді.