Қазақстан полициясы күні мен "Динамо" қоғамдық бірлестігінің 100 жылдығына орай "Түркістан Арена" стадионының базасында Түркістан облысы Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімдерінің 16 командасының қатысуымен "полиция эстафетасы" өтті.
Сондай-ақ Полиция департаментінің тирінде Макаров тапаншасын атудан сайыс өтті. Қатысушылар тек кәсіби шеберлік пен спортқа бейім екендіктерін көрсетіп қана қоймай, командалардың бірлігі мен жеңіске деген ұмтылысын танытты.
Ойын-сауық және табанды күрес қорытындысы бойынша І орынды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің командасы жеңіп алды. ІІ орын - Кентау қалалық полиция бөлімінің командасына, ІІІ орын - Төлеби аудандық полиция бөлімінің командасына бұйырды.
Макаров тапаншасынан ату бойынша жарыста ерлер арасында "үздік атқыш" номинациясында Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторы Бақдәулет Ынтымақ, ал әйелдер арасында Сайрам аудандық полиция басқармасының инспекторы Аделя Сағынай үздік атанды.
Макаров тапаншасынан ату бойынша командалық есепте І орынды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің командасы, ІІ орынды Түркістан қаласы полиция басқармасының командасы, ал ІІІ орынды Сауран аудандық полиция бөлімінің командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен командалар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Полицейлер мұндай іс-шаралар жеке құрамның дене бітімі мен кәсіби дағдыларын сақтау үшін, сондай-ақ командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен шұғылдау маңызды екендігін атап өтті.