Түркістандық зейнеткер полицейлерге жеке куәлігін рәсімдеуге көмектескені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды
Polisia.kz. Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің полицейлері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды құжаттандыру бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп, олардың тұрғылықты жеріне барып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетіп келеді.