Түркістандық полицейлер Абай шығармашылығын әуелетті

Түркістандық полицейлер Абай шығармашылығын әуелетті
 
Түркістан облысының полицейлері Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ақиық ақынның шығармашылығын, қалдырған құнды жазбаларын дәріптеді.
Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын Абай, Тойсұлу Мұратқызы, Абай Еркеғалиұлы, Жансұлу Ұлықбекқызы, Бекзат Асанханұлы есімді полиция қызметкерлері көпшілікке өз өнерлерін ұсынды. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, өлеңін жүрекпен орындады. Формадағы сақшылар ұлы кемеңгердің ескерткішіне барып, құрмет көрсетті.
Абайдың шығармашылығы әрбір қазақтың жүрегінен орын алған. Ол өз ғұмырын балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға шақырумен өткізді.
Осы ретте Абай шығармашылығы жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады десек қателеспейміз. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салған ақын Абайдың мұрасы мәңгілік жасасын!