Түркістан облысында жас инспекторлар республикалық кезеңге өтті

Түркістан облысында жас инспекторлар республикалық кезеңге өтті
 
Түркістан облысы полиция департаменті мен білім басқармасы бірлесіп, "Жас жол инспекторлары" жасақтарының облыстық кезеңінің соңғы кезеңін өткізді Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен маңызды шараға аудандардан келген 11–14 жас аралығындағы балалар командасы қатысты.
Байқау жол жүрісі қағидалары, үгіт-насихат бригадасы, велосипед тебу, автоқалада велосипед жүргізу, жас реттеуші, эрудиттер турнирі, жас санитар және басқа да кезеңдерден тұрды.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Түркістан қаласының командасы, ІІ орынды Жетісай ауданының командасы, ІІІ орынды Бәйдібек ауданының командасы иеленді. Қатысушыларға дипломдар, сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Облыстық кезеңнің жеңімпаз командасы республикалық кезеңге жолдама алды.