Түркістан облысында полицейлер донорлық қан тапсыру акциясын қолдады

Түркістан облысында полицейлер донорлық қан тапсыру акциясын қолдады
 
Дүниежүзілік донор күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жылдағы дәстүрге сай акцияға қолдау білдіріп, Түркістан қаласындағы Қан орталығының филиалында қан тапсырды. Бастамаға 50-ден астам полиция қызметкері қосылды.
Полицейлер қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етумен қатар, осындай шараларға белсенді қатысады. Күн сайын жазатайым оқиғалар мен жол апаттары салдарынан зардап шеккендерге, күрделі операциялар кезінде және ауыр науқастар үшін қан қажет екенін жақсы түсінетін түркістан полицейлері атап өтті.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері полицейлерге қан құюға мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдіріп, мұндай акциялар шынымен де өмірді сақтап қалуға көмектесетінін атап өтті.