Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы патрульдік полиция батальоны мен қала және аудандық полиция бөлімдерінің патрульдік полиция инспекторлары арасында кәсіби шеберліктерін арттыру, қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын көтеру мақсатында «Үздік маман» атты кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Шара барысында қатысушылар теориялық білім, арнайы дайындық, атыс және дене шынықтыру бағыты бойынша бірқатар сынақтардан өтіп, өз кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Байқау нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік қызметкерлер анықталды.
Атап айтсақ, І орынды Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Елмурат Қожасов және инспектор полиция капитаны Ербол Аралбаев иеленді. Жеңімпаздар Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтың алғыс хаты, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Полиция мамандығының өзіндік ауырлығы мен қыр-сырын ашуға бағытталған бұл шаралар, қызметкердердің өз мамандығына деген құрметін тағы да арттырды.