«Мен полиция боламын» сурет байқауы өз мәресіне жетті

«Мен полиция боламын» сурет байқауы өз мәресіне жетті
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Мен полиция боламын!», «Менің ата-анам полицей» тақырыптарында шығармашылық сурет салу байқауы өтті.
Аталған сурет салу жарысына Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің 25 ұл-қызы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауда суретті жақсы салып, өз шығармашылығымен көзге түскен Абай Мариям І орын, Қалдыбай Балнұр ІІ орын, Сарсен Айсұлу ІІІ орын жүлдегері атанды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына департамент басшылығының грамотасы мен сыйлықтары табысталды.
Шараға Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Оспанғазы Жанқожаев, ІІО-ның құрметті ардагерлері Есалы Нұржанов, Шаймерден Айтпенбетов, Батырхан Сансызбаев пен Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат арнайы қатысып, балалармен тілдесті.
Олардың шығармашылығымен танысты. Ағалық ақыл-кеңестерін жеткізді. Жалпы шараның мақсаты - жастардың полиция мамандығына деген құрметі мен қызығушылығын арттыру.