Нашақорлықтың алдын алу: полиция мен еріктілер Түркістан облысында жадынамалар таратты

Нашақорлықтың алдын алу: полиция мен еріктілер Түркістан облысында жадынамалар таратты
 
Түркістан облысының Полиция департаменті "Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне" орайластырылған айлық іс-шара жоспары аясында Жастар орталығының еріктілерімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, есірткіге қарсы маңызды іс-шара өткізді.
Акция қатысушылары әуежай мен теміржол вокзалының тұрғындарына, жолаушыларына 500-ден астам ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратып, есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді. Бұл кең аудиторияға нашақорлық проблемасын және оның салдарын түсінудің маңыздылығын жеткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты-нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және Заңдарды сақтаудың маңыздылығын жеткізу. Бұл бағыттағы жұмыстар полиция тарапынан жалғаса бермек.