Полиция "Таза Қазақстан" акциясы аясында 11 мыңнан астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды

Полиция "Таза Қазақстан" акциясы аясында 11 мыңнан астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды
 
Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпыпайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу жайттарының 11 440 дерегінің жолы кесілді. Оның ішіндежалпы пайдалану орындарын ластаған 9406 құқық бұзушы, абаттандыру ережелерін бұзған 2034 тұрғынға шара көрілді.
Мәселен Отырар ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонын тексеру кезінде, сыртқы жазық далада коммуналдық қалдықтар шашылып жатқаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көру үшін Экология департаментіне жолданды.
Бұл шара - «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында заңнаманы бұзу фактілеріне тосқауыл болуға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.