Жетісай ауданының полицейлері "Мен сіздің учаскелік полицейіңізбін" атты кең ауқымды ақпараттық-насихаттау акциясын өткізді. Бұл шара халық пен полиция арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынасты орнатуға бағытталды.
Шараны өткізудегі басты мақсат – тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен қоғам арасындағы әріптестік байланысты нығайту.
Акция барысында учаскелік инспекторлар тұрғындардың үйлерін аралап, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, құқықтық кеңестер берді. Тұрғындардың сауалдары мен мәселелерін тыңдады.
Бұл шара полиция қызметкерлерінің ашықтыққа, әділдікке және халықпен серіктестікке дайын екендігін көрсетті. Тұрғындар өздерінің учаскелік полицейлерін жақынырақ танып, тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды.