Полиция департаментінде мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды

Полиция департаментінде мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды
 
Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күнді рәміздерге құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күймен бастады. Департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев сап түзеген жеке құрамды айтулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
— Тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздер туралы заң 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Бұл күн ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі сақталады. Сондықтан туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін! Мереке құтты болсын, — деді Б.Зиятаев.
Шара барысында тәртіп сақшылары еліміздің мемлекеттік әнұранын бірге шырқап, саптық алаңдағы ту көкке көтерілді. Салтанатты жиын соңында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты қамтамасыз етуге қызметке таратылды.