Полиция басшысы лагерь демалушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді

Полиция басшысы лагерь демалушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
 
Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шара өтті. Табиғаты әсем, балаларға барлық жағдай жасалған демалыс аймағында 10 бағыт бойынша түрлі іс-шаралар мен сайыстар ұйымдастырылды.
Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев қатысты. Олар балаларды төл мерекелерімен құттықтап, оқу үлгерімі мен өзге де салаларда жетістікке жеткен оқушыларға алғыс хаттар, сертификаттар пен сыйлықтар табыс етті.
Ал Түркістан облысының полицейлері балаларға жолда өзін қалай дұрыс ұстау, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, суға түсу ережелері мен пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік ережелерін еске салатын жаднамалар таратылды. Балалар мен ата-аналар үшін бұл шара қызықты әрі пайдалы болды, ал полицейлердің қатысуы балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосты.