Түркістан облысы Полиция департаментінің 15 қызметкері 3 ай бойы ресми іс-қағаздар, білім, баспасөз-медиа және басқа да мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге негізделген тақырыптарда білім алды. Бүгін осы курстан өткен қызметкерлерге сертификаттары тапсырылды.
Іс-шара Полиция департаментінің базасында өтті. «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығының оқытушысы Айкерім Жұмабаева арнайы келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан курс тыңдаушыларын марапаттады.
-«Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген қазақ тілін оқыту курсының В1 орта деңгейі бойынша сертификатын өздеріңізге ұсынамын. Әрқашан сауатты жазып, ойларыңызды нақты жеткізуге дағдыланыңыздар. Қызметтеріңізге сәттілік!»-деп атап өтті А.Жұмабаева.
Жиын соңында қатысушылар курс барысында алған білімдері мен әсерлерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.