Полицейлер жүргізушілерге жаднамалар таратты

Полицейлер жүргізушілерге жаднамалар таратты
 
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар іс-шаралар атқаруда.
Атап айтқанда, тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар тас жолында "Альфард" жүргізушілерін тоқтатып, оларға жол қауіпсіздігін сақтау туралы жаднамалар таратты.
Жол қозғалысы ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жүргізушілерге салқын су ұсынып, жолда сергек болу қажеттілігін ескертті.