Полиция қызметкерлері колледж студенттерімен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Полиция қызметкерлері колледж студенттерімен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері департамент жанынан құрылған өзара іс - қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес құрамымен бірлесіп, Кентау қаласындағы №7 техникалық колледж студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға 150-ге жуық жас қатысты.
Кездесу барысында полиция мен мамандар есірткі мен психотроптық заттардың зиянды әсері туралы түсіндірді. Оны заңсыз сақтау мен таратудың салдары қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке апаратыны айтылды.
Сонымен қатар студенттерге есірткі және психотроптық заттарды қолдану адам денсаулығына зиян екенін көрсететін профилактикалық бейнероликтер ұсынылды. Кездесу барысында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, есірткіге теріс көзқарастарын білдірді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндай іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.