ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
12 июня 2025
Түркістан облысында арнайы жасақ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің алаңында жеке құрамның қатысуымен гарнизондық байқау өтті. Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов тәртіп сақшыларын Қазақстан Республикасының арнайы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қызмет атқаруға дайындығын тексерді. Шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, сондай-ақ халықаралық спорттық жарыстарда жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттау рәсімі өтті. Яғни Полиция департаменті бастығының грамотасымен 10 полиция қызметкері марапатталды.
Сонымен қатар Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Бақдәулет Рысалыұлы ҚР ІІМ-нің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Министрліктің «Алғыс хаты» полиция аға лейтенанты Дәурен Қаныбекке табысталды. Сондай-ақ рекорд орнатқан полиция қызметкері Парасат Жолдасбек Қазақстанның рекордтар кітабының сертификатымен марапатталды. Ол 10 келі салмақты гантельді ұстап, бір аяқпен бір минутта 30 рет отырып-тұрып, үлкен төзімділікті көрсетті.
Түркістан облысы Полиция департаментінің командасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шағын футболдан І орын иеленіп, диплом мен кубок қанжығалады. Сондай-ақ полиция капитаны Әбділда Бақытжанұлы "Үздік қақпашы" номинациясына ие болып, дипломмен марапатталды.
Ал Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ұрыс тәсілдерін, кинолог мамандары қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтау шеберлігін көрсетті.
Соңында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындауға дайын екендіктерін жеткізіп, салтанатты шерумен өтті.
Кадр саясаты
12 июня 2025
Генерал жас полицейлердің ант қабылдау рәсімін өткізді
 
«Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында Полиция департаментінің саптық алаңында салтанатты шара өтті. Полиция қатарына бірқатар жас полицей қосылып, ант қабылдады.
Аталмыш шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, полицияның жеке құрамы қатысты. Мемлекеттік Әнұранның әуенімен гарнизон сапында тұрған жас қызметкерлер Ант мәтінін дауыстап оқып, азаматтардың құқықтарын қорғауға, заңдарды сақтауға салтанатты түрде уәде етті. Облыстың бас полицейі оларды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
- Бүгіннен бастап қызмет жолдарыңызда жаңа белеске өттіңіздер. Алдағы уақытта тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында анттарыңызға адал болуларыңыз тиіс! Жас маман ретінде өздеріңізге сенім білдіріп, жауапкершілікпен қызмет етеді деп сенеміз! - деді ПД бастығы.
Салтанатты шара соңында тәртіп сақшылары халыққа қалтқысыз қызмет ететіндіктерін жеткізіп, саптық адыммен қызметтеріне таратылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
12 июня 2025
Түркістан облысында полицейлер жыл басынан бері 200 келіге жуық есірткіні тәркіледі
 
Түркістан облысы Полиция департаменті "Профилактика жылы" мен "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қарқынды жұмыс атқаруда.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында 163 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде: есірткі өткізудің 23 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 11 фактісі, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 10 жайты, сондай-ақ 2 фитолаборатория жойылды.
Заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірткі, оның ішінде 850 грамнан астам синтетикалық есірткі, 48 кг марихуана, 147 кг «көкнар» түптері мен 12 мың "Трамадол" таблеткалары тәркіленді. "Мефедрон" синтетикалық препаратын "жасырып кетумен" айналысатын 8 адам ұсталды.
Жыл басынан бері есірткіге қарсы 600-ге жуық профилактикалық іс-шара өткізілді, оған облыстың 59 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Мәселен, Түркістан қаласында нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған айлықтың ашылуы өтті.
Бұдан басқа 1 маусым мен 30 қазан аралығында облыста есірткіні дайындау және тасымалдау фактілерінің жолын кесу бойынша "Қарасора-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған 18 мобильді топ қатысып, екі блок-пост орнатылды. Осы бағыттағы полиция жұмысы жалғасуда.
Кадр саясаты
12 июня 2025
Полиция күні қарсаңында ардагерге құрмет көрсетілді
 
Түркістан облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаевтар отставкадағы полиция майоры Бейсенбек Пернебекұлы Қасымбековтың шаңырағында болып қайтты.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында құқық қорғау саласына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Сауран ауданының тұрғыны ІІО-ның ардагері Б.Пернебекұлын мерекемен құттықтап, департамент бастығының «Алғыс хаты» мен сый-сияпатын табыс етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Жергілікті полиция қызметі
12 июня 2025
«Мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың алып жауынгерлері
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағындағы әрбір қызметкер өзінің қырағылы мен жұмысқа деген жауапкершілігі бойынша ерекшеленеді. Себебі олар түрлі жағдайларда, қылмыстық топты құрықтау мен өзге де төтенше сәттердегі дабыл қағылуларда дайын жүреді.
Жедел жасақ полицейі қауіп пен қатердің, тәуекелдердің арасында жүргендіктен, олардың жұмыстары айтуға да, жасауға да оңай емес. Бұл шыныққан, шыңдалған мамандардың ғана қолынан келетін қайратты іс. Олар дене шынықтыру даярлығымен және жауынгерлік күрес тәсілдерімен, атыс даярлығымен күнделікті шұғылданып, әркез жауынгерлік әзірлікте жүреді. Оған қоса спортты серік етіп, әлемді бағындырған, тіптен күш-қайратымен рекорд орнатқандар да осы саланың қызметкерлері.
Мәселен Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында арнайы күштердің 6-халықаралық турниріне қатысып, командалық есепте ІІ орын иеленген полиция қызметкері Айнұр Ақжігітова. Ол әлемдік жарысқа ҚР ІІМ-нің атынан тұңғыш рет қатысқан «Томирис» әйелдер командасының белді мүшесі.
Ал полиция аға лейтенанты Парасат Жолдасбек өзінің ерекше қабілетті, өте шымыр, күш атасын танымас мықты екенін дәлелдеп, 10 келі болатын гантельді ұстап, 1 минутта 30 рет бір аяқпен отырып-тұрып, Қазақстанның рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш еліміздің рекордтар кітабына енді.
Жеңімпаз полицейлер бұл - күнделікті қызмет барысында тұрақты түрде атқарылатын дайындықтар мен жаттығулардың көрсеткіші деп біледі. Сондықтан мерекелеріңізбен ел қорғандары!
 
Кадр саясаты
12 июня 2025
Полиция күнін мерекелеу аясында тәртіп сақшылары өнер көрсетті
 
Түркістан облысының өнерге жақын полицейлері жаңадан ашылған «Жастар» саябағында ерекше шара ұйымдастырды. Яғни тәртіп сақшылары облыс орталығында концерттік бағдарлама өткізіп, әннен шашу шашып, демалушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады.
Қазақстан полициясы күніне орай өткізілген шара - азаматтардың тәртіп сақшыларына деген сенімін арттырып, отансүйгіштікке арналған патриоттық әндер сыйлады.
Погон таққан өнерпаздардың музыкалық өнері жүрекке жетіп, оның орындалу шеберлігі, шынайы эмоциялары көрермендерді бейжай қалдырмады. Жиналғандар тәртіп сақшыларына ыстық ықыластарын білдірді.
Жергілікті полиция қызметі
12 июня 2025
Полиция "Таза Қазақстан" акциясы аясында 11 мыңнан астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды
 
Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпыпайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу жайттарының 11 440 дерегінің жолы кесілді. Оның ішіндежалпы пайдалану орындарын ластаған 9406 құқық бұзушы, абаттандыру ережелерін бұзған 2034 тұрғынға шара көрілді.
Мәселен Отырар ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонын тексеру кезінде, сыртқы жазық далада коммуналдық қалдықтар шашылып жатқаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көру үшін Экология департаментіне жолданды.
Бұл шара - «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында заңнаманы бұзу фактілеріне тосқауыл болуға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.
Жергілікті полиция қызметі
12 июня 2025
Патрульдік полиция батальоны іс-шараларды жалғастыруда
 
Түркістан облысы аумағында “Бір нүктелік” және “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсене атсалысуда.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларына жол ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілер өткелінде абай болуды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндірді. Жол көлік апатынан сақтандыру мақсатында брошюралар таратылып, арнайы әзірленген ескерту роликтері ұсынылды.
Басты мақсат - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықбұзушылықтың алдын алу. Облыстық патрульдік полиция батальонымен аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.
Жергілікті полиция қызметі
12 июня 2025
«Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» шарасы өтуде
 
Жетісай ауданының полицейлері "Мен сіздің учаскелік полицейіңізбін" атты кең ауқымды ақпараттық-насихаттау акциясын өткізді. Бұл шара халық пен полиция арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынасты орнатуға бағытталды.
Шараны өткізудегі басты мақсат – тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен қоғам арасындағы әріптестік байланысты нығайту.
Акция барысында учаскелік инспекторлар тұрғындардың үйлерін аралап, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, құқықтық кеңестер берді. Тұрғындардың сауалдары мен мәселелерін тыңдады.
Бұл шара полиция қызметкерлерінің ашықтыққа, әділдікке және халықпен серіктестікке дайын екендігін көрсетті. Тұрғындар өздерінің учаскелік полицейлерін жақынырақ танып, тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
12 июня 2025
Полиция департаментінде мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды
 
Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күнді рәміздерге құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күймен бастады. Департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев сап түзеген жеке құрамды айтулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
— Тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздер туралы заң 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Бұл күн ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі сақталады. Сондықтан туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін! Мереке құтты болсын, — деді Б.Зиятаев.
Шара барысында тәртіп сақшылары еліміздің мемлекеттік әнұранын бірге шырқап, саптық алаңдағы ту көкке көтерілді. Салтанатты жиын соңында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты қамтамасыз етуге қызметке таратылды.
 
Социальные сети
Түркістан облысы ПД-і to_police_departamenti
Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Полиция департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы