ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Штабтық қызмет
15 октября 2025
Облыстың бас полицейі азаматтарды қабылдады
 
Түркістан облысы Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. Маңызды шараны департамент бастығы Мұрат Қабденов өткізді. Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету қашанда полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектісі болып қала береді.
Полиция басшылығының жеке қабылдауына тұрмыстық мәселелерден бастап, құқықтық даулар мен қылмыстық істерді тергеуге дейінгі деректер бойынша 10-нан астам тұрғын келді. Әрбір келуші өз жағдайын баяндауға және оны шешу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.
Облыстың бас полицейі М.Қабденов тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді. Азаматтардың барлық өтініштерін департамент басшылығы жеке бақылауына алды. Қабылдауға қатысқан азаматтар әрбір мәселеге мұқият қарағаны және сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдірді.
Полиция департаментінде мұндай кездесулер халықтың өтініштеріне тиімді ден қоюға және өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Полиция мұндай іс-шараларды болашақта да өткізіп отыратын болады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
30 сентября 2025
Түркістан облысында полиция есірткі тасымалдаудың 2 дерегін тоқтатты
 
"Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтау мен тасымалдаудың екі фактісінің жолын кесті.
Полиция қызметкерлері Түлкібас ауданындағы "Шақпақ баба" бекетінде жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Audi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүк салғыштан ішінде есірткі заты бар үш қапты тапты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 келіден астам қарасора болып шықты. Екі күдікті қамауға алынды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары осы бекетте тоқтатылған Mitsubishi көлігіндегі жолаушының сөмкесінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі. Күдікті қамауда.
Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар жалғасуда.
Көші-қон қызметі
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
Түркістанда мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі бойынша брифинг өтті
 
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен "Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі" тақырыбында брифинг өтті. Шараға спикер ретінде полиция департамантінің әкімшілік полиция қызметі мен жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері қатысты. Жалпы, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау бағытында облыс полицейлері бірқатар профилактикалық жұмыстарды атқаруда.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыс 1,2% төмендеген. Тәртіп сақшылары үнемі "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтерді өткізіп келеді. Аталған тексеріс нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 573 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуына жол берген 164 мекеме иелеріне шара көрілді. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 324 қолайсыз отбасы және құқық бұзушылыққа бейім 496 кәмелетке толмаған есепке алынған.
Ал осы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында өсім байқалады. Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан аталған жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде балаларды тасымалдайтын автобустарға тексеру жұмыстары жүргізілуде. Кемшіліктер анықталған автобустарға техникалық байқаудан қайта өткенге дейін пайдалануға тыйым салынуда.
Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Облыстағы барлық мектептің жолдарына жаңа үлгідегі сары панолар мен жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ кезең-кезеңімен жаяу жүргінші жолақтары мен жол белгілері жаңартылуда.
Осы ретте полиция кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстардың өзекті мәселе екенін ескеріп, жергілікті атқарушы органдар мен білім басқармасының қызметкерлерімен ақпарат алмасып, профилактикалық жұмыстарды бірлесіп жүргізуге шақырады.
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
Түркістанда полицейлермен мен 100-ден астам ерікті профилактикалық шара өткізді
 
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласындағы еріктілер мен студенттік жасақтардың қатысуында саптық жиын өткізілді. Аталған саптық жиыннан кейін қатысушы жастар полицейлермен бірге патрульдеу аумақтарына бөлініп, профилактикалық шараларға ат салысты.
Саптық жиын Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Өсербаевтың басшылығымен "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Учаскелік полиция инспекторлары еріктілермен бірге интернет-алаяқтық бойынша мыңнан астам азаматқа ескерту жұмыстарын жүргізіп, 420 жадынама таратты.
Тіркелген қару бойынша қала көлемінде 40 азаматтың қарулары тексеріліп, 11 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз граффити жазбалары бар 38 жайт анықталып, еріктілермен бірге жойылды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жол ережесін бұзған 23 азаматқа шара көрілді.
Сондай-ақ жұмыс тобы облыс орталығындағы жатақханаларды аралап, ондағы студенттерге қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру шараларын атқарды. Түркістан қаласы аумағында орналасқан кафелерге қорқор өнімі мен үрмелі газды шарларды тұтынуға тыйым салынғаны қатаң ескертілді.
Ал тексеру кезінде түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген 2 жасөспірім анықталды. Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 14 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Полиция құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік бойынша бірлескен іс-шараларды үздіксіз өткізе бермек.
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
Полиция жол ережесін сақтауға шақырады
 
Түркістан облысында жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полицейлер жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жасөспірімдердің жолда жүру тәртібін түсіндіруге, көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыруға ерекше көңіл бөлуде.
Осыған байланысты Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев тұрғындарға үндеу жариялап:
“Құрметті аудан тұрғындары! Жолдағы әрбір қауіпсіз қадам – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығы үшін жасалған қадам. Жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға, қауіпсіздік белдігін тағуға, жаяу жүргіншілерге құрметтеуге шақырамыз.
Ал жаяу жүргіншілерге айтарымыз, жолдан тек белгіленген жерлерден өту қажеттігін ескертеміз. Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік. Тәртіп сақшыларының басты мақсаты – Сіздердің амандығыңыз!”-деп атап өтті.
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
Түркістан облысында 100-ге жуық оқушы полиция қызметімен танысты
 
Кентау қаласы аумағында оқушылар мен студенттердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция бөлімінде ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушыларға полиция бөлімінің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.
Аталған іс шараға жеке құрам қызметкерлері мен Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мекемелерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Өз кезегінде полицейлер оларға уақытша ұстау изоляторы мен жедел басқару орталығын таныстырып , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жан-жақты ақпарат беріп,құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Тергеу және анықтау
30 сентября 2025
Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан ІІМ делегацияларының кездесуі өтті
 
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрліктері делегацияларының қылмыстарды тергеуде тәжірибе алмасу, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша бірлескен кеңесі өтті.
Аталмыш шара құқық қорғау құрылымдарының мемлекетаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған. Кездесуге Қазақстан Республикасы ІІМ-нің орынбасары Санжар Әділов, Өзбекстан Республикасы ІІМ-нің орынбасары Рамазон Ашропов, Түркістан облысы ПД-ның бастығы Мұрат Қабденов, тергеу басшылығы, сондай-ақ шекара маңы облыстарының ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.
— Біздің бұл басқосуымыз - Қазақстан мен Өзбекстанның құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау мен қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға ықпал ететініне сенімдіміз!, — деп атап өтті ҚР ІІМ-нің орынбасары С.Әділов.
Кездесу барысында қатысушылар жедел-қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмысты жақсартуға, трансұлттық қылмыстарды бірлесіп тергеуге, ІІО-ның шекара маңындағы қылмысқа қарсы әрекеттеріне, қылмыстық істерді тергеу процесіне цифрландыруды енгізуге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен семинарлар өткізуге бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Жиыннан кейін делегациялар Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының ғимаратына барып, бөлім жұмысымен, құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметіне енгізілген цифрлық шешімдермен танысты. "Қорғау" жүйесі, "Цифрлық полицей", "Электрондық қылмыстық іс", “Антифрод” жобаларына және құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, жедел анықтауға және жолын кесуге көмектесетін басқа да бастамаларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар кибер-зертхананың, генетикалық және жедел-криминалистикалық зертханалардың, сондай-ақ облыстың қоғамдық орындарында және оқу орындарында белгіленген, оқиғаларға шұғыл ден қоюға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін бағалай алды.
Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
"Қауіпсіз жол" іс-шарасы: Түркістан облысында 200 заң бұзушылық анықталды
 
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жолдардағы апаттылықтың алдын алу, көлік тәртібін арттыру бағытында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі мақсат-жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейту, мас күйінде көлік жүргізу фактілері мен басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу, жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында Түркістан облысының полицейлері 200 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 50 құқық бұзушы, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін 38 жүргізуші, техникалық байқаудан өтпегені үшін 10, міндетті сақтандыру туралы полисі жоқ 7 және қарсы қозғалыс жолағына шыққан 1 жүргізуші жауапқа тартылды.
Сонымен қатар жолдардың қауіпті учаскелерінде қосымша белгілер мен ескерту тақтайшаларын орнату, жолдарды жарықтандыру, белгілеу және қоршау бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ полицейлер жол қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар жадынамалар таратуда.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік-бұл ортақ міндет!
Жергілікті полиция қызметі
30 сентября 2025
Түркістанда полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді
 
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің үйінің ауласында тұрған бір жылқысы тұсауынан босап, белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені жөнінде арызданған. Шағым бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Мақсат Исмаилов пен Ерсұлтан Маметов шұғыл жетіп, мән-жайды анықтайды.
Жәбірленушімен бірге жақын аймақтардың барлығын тексеріп, үш сағат ішінде жылқыны табады. Қараусыз жүрген жылқы Балтакөл тасжолы бойындағы жайылымнан табылды. Жергілікті тұрғын жылқысын тез арада тауып берген полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Түркістан қаласы полицейлері азаматтарға малды қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше сенімді бақташы жалдауға кеңес береді. Сондай-ақ мал тұратын қора-жайларды мықтылап бекітіп, аулаға дабыл қаққыш орнатуды ескертеді.
Штабтық қызмет
30 сентября 2025
Түркістан облыстық ПД-да жедел қызметтің қорытынды жиыны өтті
 
Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдық сала басшыларының қатысуымен маңызды жедел кеңес өтті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында жедел-қызметтің қорытындысы шығарылып, басым міндеттер айқындалды.
Президент Қ.Тоқаев атап өткендей: "Заң және тәртіп" – біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі". Онсыз заманауи және гүлденген қоғам құру мүмкін емес. Біздің басты міндетіміз - "Заң мен тәртіпті" қамтамасыз ету, қоғамда барлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру.
Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің негізгі міндеттері мен тапсырмаларын жеткізді. Қылмысқа қарсы күреске, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ полиция жұмысын цифрландыруға ерекше назар аударылды. Кеңес барысында департамент басшылығының қылмыстарды ашу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу нәтижелері туралы баяндамалары тыңдалды.
Мәселен облыста қылмыс тіркелімі 7% - ға төмендеді. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 86,5% - ға жақсарды. Ұрлық 33,2% – ға, мал ұрлығы 26,6% – ға, бұзақылық 26,7% – ға және тонау 5,6% - ға азайды. Заңсыз айналымнан 8 бірлік қару және 488 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және мас күйінде жасалған қылмыстар санының төмендеуі байқалады.
Интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмысының алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және жол көлік оқиғаларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Облыстың бас полицейі жеке құрамның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыру, тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың, мал ұрлығының, зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол апаттарын азайту бойынша түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуге шақырды.
Кеңес соңында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіліп, кемшіліктер мен оларды жою жолдары қарастырылды. Сонымен қатар полиция қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу және оқу орындарындағы бейнебақылау камераларын полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктіру жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Қорытындылай келе, Мұрат Қабденов аппарат басшылығы мен қалалық және аудандық полиция бөлімі басшыларына патрульдеуді күшейтуді, сондай-ақ халық арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізуді және қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындауды тапсырды.
Социальные сети
Түркістан облысы ПД-і to_police_departamenti
Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Полиция департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты