ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
04 января 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді
 
Облыста ауа райы күрт суытып, таулы аумақтарда қалың қар түсті. Кейбір жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, көру мүмкіндігі нашарлауда.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Абай - Шардара тас жолында кептеліп қалған жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмек көрсетті. Жетісу облысының тұрғыны түсіндіргендей, ол Қытайдан Өзбекстанға қарай бағыт алып, алайда жолда адасып, бұрылуға тырысқанда жол жиегінен шығып кеткен.
Сонымен қатар Шардара ауданында полиция жолда тұрып қалған жеңіл көлікті сүйреуге көмектесті. Жүргізуші сақшылардың көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды қолайсыз ауа-райында жолдарда абай болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады.
Жергілікті полиция қызметі
04 января 2025
Полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
 
Ауа райының күрт суытуы мен жолдардың тайғақ болуына және мерекелік күндерге байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Мәселен Созақ ауданы Екпінді-Бірлік тас жолында жол жиегіне шығып кеткен «DAF» маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.
Осылайша Түркістан облысының полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектесті.
Кейбірінде сақшылар ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне ыстық шәй мен тағам жеткізіп берді.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында көлік жүргізушілерінің қиын жағдайдан шығуына осылайша жәрдем берілді.
Ал мұндай игі іске куә болған азаматтар полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
Полиция қызметкерлері азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігі үшін қызметін жалғастырады. Қызметтік міндеттерін адал орындау – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.
Кадр саясаты
04 января 2025
Түркістан облысында көпбалалы 100-ге тарта полицей қызмет атқарады
 
Құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында қоғамның дамуы мен демографияға өзіндік үлесін қосып жүрген полицейлер аз емес.
Мәселен Түркістан облысында көпбалалы 100-ге жуық полицей қызмет атқарады. Ал осындай жауапкершілігі мол жұмыс жасай жүріп, көпбалалы болу, ұл-қыздарының әрқайсысының нағыз адам болуына атсалысу оңай шаруа емес.
Солардың бірі Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Әмірбекұлы. Кезіндегі жап-жас студент жігіт өзінің жан-жары Дариғаға сөз салып, екеуі 25 жылдан бері бірге бақытты ғұмыр кешіп келеді. Қазіргі таңда полицейлер отбасы көпбалалы жанұялар қатарында. 6 қыз, 4 ұлды тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі қара шаңырақ.
Оған қоса 40 жастан енді асқан полицейдің отбасында жақында ғана маңдайы жарқыраған немере дүние есігін ашты. Дастан Әмірбекұлы жұмысында тәртіп пен талапты қатар қойған қызметкер болса, өз шаңырағында тірек болатын отағасы. Ал балаларына әрқашанда қамқор әке.
Сондықтан көпбалалы полицейлер отбасына әрдайым сәттілік серік болып, шаңырақтарыңыздан сәби дауысы үзілмесін дейміз. Жаңа жыл жанұяларыңызға тек жақсылық әкелсін!
Жергілікті полиция қызметі
04 января 2025
Құқық бұзушылықсыз Жаңа Жыл: Түркістан облысында полиция профилактиканы күшейтті
 
Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысында полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша, әсіресе қолайсыз ауа-райы жағдайында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін сақтаудың, оның ішінде жолдардағы жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы, мас күйде автокөлікті басқаруға жол бермеу туралы ескертті.
Мәселен, ағымдағы жылда облыс жолдарында жүргізушілердің мас күйінде басқару кезінде жасаған 15 жол-көлік оқиғасы анықталды. Мас автокөлік жүргізушілерінің қатысуымен болған апатта 4 адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті.
Жолдардағы апаттылықтың алдын алу мақсатында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тұрақты негізде кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілік пен салдарлар туралы азаматтарды хабардар етеді.
Өз кезегінде полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға, Көлік құралдарын мас күйінде басқармауға шақырады. Жолдардағы қауіпсіздік әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін есте ұстаған жөн. Бірге қаламыз бен облысымызды қауіпсіз етейік!
Кадр саясаты
04 января 2025
ЖАҢА ЖЫЛДА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ
 
Жаңа жыл қарсаңында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері №5 арнайы мектеп-интернатына барып балаларға мерекелік сыйлықтар үлестіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Шарада полицияның тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Сержан Оспанов жас бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, мереке қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің құттықтауын жолдап , сыйлықтарын табыстады.
Мерекелік шараға келген балғындар жасыл шырша жанында ертегі кейіпкерлері әзірлеген тосын сыйлар мен ғажайып сәттердің куәсі болды. Өз кезегінде мектеп-интернат басшысы Фарида Кулибаева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
Жергілікті полиция қызметі
31 декабря 2024
Полиция қызметкерлері демі тарылып, қиналған 11 айлық нәрестені ауруханаға жедел жеткізді
 
Түркістан облысында ерлі-зайыптылардың 11 айлық нәрестесі кенеттен ауа жетпей мазасыздана бастаған. Үйінде еңбектеп жүрген сәтте денсаулығы күрт нашарлаған нәрестені ата-анасы дереу ауруханаға жеткізбек болады. Алайда жолда баланың жағдайы ушыға түскен соң, әкесі қатты уайымдап, жан-жақтан көмек іздейді.
Сол сәтте жол бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген полицейлерді байқап, көмекке жүгінеді. Әкесі баласын дер кезінде ауруханаға жеткізе алмай қаламын ба деген қорқынышын айтып, полицейлерден қолдау сұрайды. Тәртіп сақшылары бірден әрекетке көшіп, нәресте мен анасын қызметтік көлікке отырғызып, маяктарын қосқан күйі Түркістан қалалық балалар ауруханасына шұғыл жеткізді.
Нәрестенің анасының айтуынша, баласы үйде еңбектеп жүргенде кенеттен тыныс алуы қиындап, мазасыздана бастаған. Мұндай жағдайда уақытты жоғалтпау үшін олар бірден ауруханаға бет алған. Орта жолда жағдай қиындай түскесін, полицейлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Бүгінгі таңда дәрігерлердің бақылауындағы сәбидің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасы баласының өмірін сақтап қалуға септігін тигізген тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетіне және адамгершілік қолдауына шексіз алғыстарын білдірді.
Белгілі болғандай, дер кезінде көмек көрсеткен Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азиз Алиев пен Ұлысбек Сартаев екені анықталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
28 декабря 2024
Түркістанда есірткіге қарсы жұлдызды матч ұйымдастырылды
 
 «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында облыстық полиция, прокуратура және әкімдіктің ұйымдастыруымен ауқымды спорттық шара өтті. Яғни Түркістан аренада «SD FAMILY» Қазақстанның медиа жұлдыздары мен «RUH FIGHTING» жекпе-жек шеберлері командалары арасында жұлдызды матч ұйымдастырылды.
Аталған матчтың негізгі мақсаты – жас буынды спортпен шұғылдануға шақыру, нашақорлықпен бірлесіп күресуді қоғам назарына жеткізу. Түркістан қаласындағы матчқа спорт саласы мен әлеуметтік желіде өзіндік орындары бар, елге танымал 40-қа жуық жас арнайы келді. Олар жасыл алаңда ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті.
Әрбір ойыншы жарыстың тартысты өтуіне өз үлесін қосты. Шаршы алаңдағы тартысты ойын «SD FAMILY» командасының есебіне 8:4 болып аяқталды. Жиналған көпшілік те, ойыншылар да ерекше көңіл-күймен тарқасты. Жалпы тәуелсіз еліміздің болашағы үшін ғасыр дертінен ел болып бас тартуымыз қажет! Оған құзырлы органдармен қатар белсенді жастарды тарту оң ықпал етеді деген сенімдеміз!
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
28 декабря 2024
Заң мен тәртіп: жаңа жыл мерекесіне байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
 
Жаңа жылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов саптық жиын өткізіп, жеке құрамның қызметке даярлығы, нысанды киім үлгісі мен құжаттарын, қызметтік көліктерінің жай-күйін тексеріп шықты. Ішкі істер министрі Е.Саденовтың тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді.
Саптық байқау соңында жеке құрам полиция бөліністері бойынша салтанатты шеруден өтіп, тәртіп қорғаудың күнделікті міндеттерін орындауға кірісті.
Өздеріңізге белгілі жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұртшылықтың тіршілігі әдеттегіден қарбаласып, көшелерде кептеліс болып жатады. Осы сәтте өңір тыныштығын күзету үшін полиция демалыссыз қызметте болады. Жаңа жылды отбасымен емес, қызмет атқарып қарсы алады. Сондықтан әрбір тұрғынды қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, мерекенің жақсы өтуіне үлес қосуға шақырамыз!
Кадр саясаты
28 декабря 2024
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ПАРАСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
 
Түркістан облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті. Аталған шараға 200-ге жуық полиция қызметкері мен Департаменттің дербес, басқарма бөлімдерінің басшылары қатысты.
Мақсат- ІІО қызметкерінің жалпы стресске төзімділігін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету. Аппарат қызметкерлері қатысқан семинар-тренингте Мақсат Асқаров төрағалық етті. Аталмыш шарада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың өмірі туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді.
Сонымен қатар, аға инспекторы-психологы Мархабат Илесова “ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен ұстамды қарым-қатынас қалыптастыруына психологиялық көмек” атты тақырыбында баяндама жасады. Тренинг барысында жеке құрам қызметкерлеріне «Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау тәсілдері» атты бейнеролик көрсетіліп, «Нейро жаттығулар», «Үш есім» атты экспресс жаттығуы ұсынылды.
Кадр саясаты
27 декабря 2024
Түркістан облысында Консультативті-кеңесші органның 15 отырысы өткен
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР Ішкі істер органының ардагері Мұхтар Ермековтің төрағалығымен Консультативті-кеңесші органның отырысы өтті. Оған ІІО-ның ардагері О.Жанқожаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері С.Садықов, мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Г.Абдужаппарова және жеке құрам қатысты.
Күн тәртібінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары, есірткіге қатысты қылмыстар және психотроптық заттарды қолдануға қарсы атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар талқыланды. Бұл тақырыптар бойынша полиция полковнигі Қ.Жұмаділлаев пен полиция капитаны А.Қадыр баяндама жасап, аталмыш мәселелер бойынша жыл бойы тәртіп сақшыларымен тиісті шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.
Айта кетсек, Консультативті-кеңесші органның 15 отырысы өтіп, онда жеке құрылым қызметкерлерінің тәртібі, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралған. Жалпы бұл басқосулардың басты мақсаты - халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін одан әрі арттыру.
Жиын соңында консультативті-кеңесші органның мүшелері көтерілген әрбір тақырып бақылауға алынатынын, алдағы уақытта да жұмысты жандандыруды тапсырды.
Социальные сети
Түркістан облысы ПД-і to_police_departamenti
Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Полиция департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы