ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
09 января 2025
Полиция облыс жолдарында тұрып қалған жүргізушілерге көмектесуді жалғастыруда
 
Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ГАЗ-53 жүк көлігінің кептеліп қалғанын байқады. Жүргізуші Шымкентке бара жатып жол жиегіне шығып кеткенін айтты. Полицейлер қолындағы құралдардың көмегімен оған жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.
Сондай-ақ олар Шымкенттен келе жатқан жолда бұзылған "Volkswagen Passat" автокөлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Сүйреуге арналған тростың көмегімен көлік діттеген орынға жеткізілді.
Автокөлік жүргізушілері полицияның көрсеткені көмегіне ризашылықтарын білдірді. Тәртіп сақшылары барлық жол қатысушыларына жол ережелерін сақтау мен жолда мұқият болу керектігін ескертеді!
Жергілікті полиция қызметі
09 января 2025
Түркістан облысында полиция ауа райының қолайсыздығынан кептеліп қалған жүк көліктерін ертіп жүрді
 
 
Түркістан облысының автожолдарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетуде.
Түркістан облысы ПД патрульдік полициясының қызметкерлері жол бойында тұрып қалған жүк және жеңіл автокөліктерін ертіп жүрді. Бұл жолдардың қауіпті учаскелерінде және нашар көріну жағдайында жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды.
Өз кезегінде жүргізушілер тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі және көрсеткен назары үшін алғыс білдірді.
Криминалдық полиция
08 января 2025
Полиция көліктерге ұрлыққа түскен жігіттерді ұстады
 
Түркістан облысы Төлеби ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде автокөлік ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні қолға түсірді.
Белгілі болғандай, олар ұрлық қылмысын түнгі сағат 23:00-де жасаған. Алдымен «DAEWOO NEXIA» көліктің әйнегін сындырып, аккумулятор мен 15 мың теңге ақшаны жымқырған.
Бұдан бөлек күдіктілердің тағы да екі бірдей ұрлық қылмысына қатысы бар болып шықты. Яғни жас жігіттердің бірнеше күн бұрын тұрғын үй алдында тұрған екі бірдей BMW және Mazda маркалы автокөліктеріне заңсыз кіріп, ішінен ақшасы бар әмиян мен құжаттарын ұрлағаны анықталды.
Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллион теңге шығын келтірген. Айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Криминалдық полиция
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
Экстремизмге қарсы іс-қимыл
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
08 января 2025
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
 
Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 16,8%-ға төмендеді. Аталған кезеңде криминалдық полиция сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер ұрлығына қатысы бар 40 адамды ұстады.
Мал ұрлаумен айналысқан 16 топ жойылып, 40 күдікті құрықталды. 791 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды. Мәселен, Келес ауданында жедел уәкілдер жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар төрт күдіктіні ұстады. Мал ұрлаушылардан ұрланған үй жануарларының бір бөлігі және Газель тәркіленді.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топтардың 13 қатысушысы мен көшбасшысын ұстады. Жалпы аталмыш басқарма полицейлері 117 қылмысты анықтады, оның ішінде 17 бопсалау фактісі, 34 қару және есірткі сақтау фактісі, үш өз бетінше жер қойнауын пайдалану дерегі және үш заңсыз көші–қонды ұйымдастыру фактісі бар. 21 қару, 500-ден астам оқ-дәрі, екі келіге жуық есірткі затын тәркіледі.
Сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері терроризмді насихаттаудың бес фактісін және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берудің төрт фактісін қоса алғанда, 24 қылмыстың жолын кесті.
Криминалдық полиция
06 января 2025
Түркістан облысында полиция бейнекамераның көмегімен ұрлық қылмысын анықтады
 
Түркістан облысы Жетісай ауданының полиция қызметкерлері дүкенде болған ұрлық қылмысын ашты. 28 жастағы күдікті әйел телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кірген.
Ол сатушының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, құны 900 мың теңге тұратын Iphone телефонын жымқырып, «ізін суытқан». Полиция қызметкерлері жедел түрде әрекет етіп, тәулік ішінде бейнекамера арқылы күдіктіні анықтады.
Сондай-ақ қолды болған телефон табылып, заңды иесіне тапсырылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Жергілікті полиция қызметі
06 января 2025
Полиция жүргізушілерге ауа райы қолайсыз кезде жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді
 
Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жүргізушілер арасындағы тәртіпті арттыру мақсатында өз жұмысын жандандыруда. Тәртіп сақшылары профилактикалық іс-шаралар шеңберінде республикалық және облыстық маңызы бар негізгі трассаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Шымкент-Самара" автожолының "Сауран" шеп-бекетінде жүргізушілерге ақпараттық жадынамалар таратты.
Әсіресе қолайсыз ауа-райы жағдайында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертті. Көктайғақ немесе тұман жағдайындағы сапар, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда мұқият болуға, жылдамдық режимін, қажетті қашықтықты сақтауға, алыс сапарлардан аулақ болуға және көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырады.
Осы қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі. Сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Көші-қон қызметі
Жергілікті полиция қызметі
06 января 2025
Тұманды түнде полиция 50-ге жуық көліктің жүргізушісіне жәрдем беріп, жоғалған 5 бас малды иесіне қайтарды
 
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп, жүргізушілерге жәрдем беруде.Мәселен Түркістан облысының полициясы 1 түнде тұманнан көру мүмкіншілігі болмай жол жиегіне шығып кеткен 33 жеңіл және 14 жүк көлігіне көмектесті.Кейбір жолда бұзылған көліктерді сүйреп шығарып, жақын маңдағы автожөндеу орталықтарына жеткізді.
Ал жүк көліктердің басым бөлігі жолдың мұз болуына байланысты жол жиегіне тұралап қалған. Сонымен қатар тұрғындардың жоғалған 5 бас сиыры учаскелік инспекторлармен табылып, иелеріне қайтарылды.
Қазіргі таңда Түркістан облысында жолдар тазартылып, тұман басылғанымен әлі де қауіп сейілген жоқ. Себебі арнайы мамандардың айтуынша алдағы күндері таулы аймақтарға тағы да қар түседі.
Полиция қызметкерлері барша жолаушылар мен жүргізушілерге жолда мейлінше сақ болып, ережені сақтауға кеңес береді. Аса қажеттілік туындамаса ұзақ жолға шықпаған дұрыс деп ескертеді.
Жергілікті полиция қызметі
06 января 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді
 
Облыста ауа райы күрт суытып, таулы аумақтарда қалың қар түсті. Кейбір жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, көру мүмкіндігі нашарлауда.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Абай - Шардара тас жолында кептеліп қалған жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмек көрсетті. Жетісу облысының тұрғыны түсіндіргендей, ол Қытайдан Өзбекстанға қарай бағыт алып, алайда жолда адасып, бұрылуға тырысқанда жол жиегінен шығып кеткен.
Сонымен қатар Шардара ауданында полиция жолда тұрып қалған жеңіл көлікті сүйреуге көмектесті. Жүргізуші сақшылардың көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды қолайсыз ауа-райында жолдарда абай болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады.
Жергілікті полиция қызметі
04 января 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді
 
Облыста ауа райы күрт суытып, таулы аумақтарда қалың қар түсті. Кейбір жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, көру мүмкіндігі нашарлауда.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Абай - Шардара тас жолында кептеліп қалған жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмек көрсетті. Жетісу облысының тұрғыны түсіндіргендей, ол Қытайдан Өзбекстанға қарай бағыт алып, алайда жолда адасып, бұрылуға тырысқанда жол жиегінен шығып кеткен.
Сонымен қатар Шардара ауданында полиция жолда тұрып қалған жеңіл көлікті сүйреуге көмектесті. Жүргізуші сақшылардың көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды қолайсыз ауа-райында жолдарда абай болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады.
Жергілікті полиция қызметі
04 января 2025
Полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
 
Ауа райының күрт суытуы мен жолдардың тайғақ болуына және мерекелік күндерге байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Мәселен Созақ ауданы Екпінді-Бірлік тас жолында жол жиегіне шығып кеткен «DAF» маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.
Осылайша Түркістан облысының полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектесті.
Кейбірінде сақшылар ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне ыстық шәй мен тағам жеткізіп берді.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында көлік жүргізушілерінің қиын жағдайдан шығуына осылайша жәрдем берілді.
Ал мұндай игі іске куә болған азаматтар полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
Полиция қызметкерлері азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігі үшін қызметін жалғастырады. Қызметтік міндеттерін адал орындау – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.
Социальные сети
Түркістан облысы ПД-і to_police_departamenti
Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Полиция департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы