Көліктегі ПД-де ІІО ардагерлерімен өзара ықпалдастық мәселелері бойынша кездесу өтті

Көліктегі ПД-де ІІО ардагерлерімен өзара ықпалдастық мәселелері бойынша кездесу өтті

Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен өзара ықпалдастық, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс кездесуі өтті. Оған департамент басшылығы, ардагерлер мен тәлімгерлер, сондай-ақ желілік бөліністердің жеке құрамы онлайн режимінде қатысты.

Іс-шараны ашқан Көліктегі ПД бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев ардагерлердің ішкі істер органдары саласының дамуына қосқан баға жетпес үлесін, олардың көпжылдық тәжірибесін жас мамандарға жеткізудегі, патриотизмді тәрбиелеудегі және жастармен профилактикалық әрі тәрбиелік жұмыс жүргізудегі сүбелі үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта полиция алдында тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ҚР Президенті мен ІІМ тапсырмаларын іске асыру жөнінде қабылданған іс-шараларды жан-жақты талқылады.

Күн тәртібінде Департамент қызметкерлері мен ардагерлер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, талқыланған өзге де тақырыптар бойынша қорытынды жасалып, оңтайлы шешімдер қабылданды.
Алматы, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Семей және Қызылорда станцияларындағы желілік бөліністердің бастықтары ардагерлермен өзара іс-қимыл бойынша маңызды мәселелерді атап өтіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосу барысында Көліктегі ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов ардагерлер қауымдастығын толғандыратын түйткілді мәселелер мен негізгі ұсыныстарды жеткізді. Сондай-ақ, ол қатысушыларға аға буын әріптестері негізін қалаған озық дәстүрлердің лайықты жалғастырушысы болуға және осы қиын да жауапты қызметтеріне табыстар тіледі.

Кездесу соңында көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды қайта қарап, бірлескен жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру бойынша нақты шешімдер қабылданды.