Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақмола облысы Степногорск қаласындағы пәтерлердің бірінде марихуана өсіретін фитолабораторияны анықтап, жойды. Сот шешімімен 37 жастағы жақын шетел азаматы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, операция 5 ақпанда Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен өткен болатын. Тінту барысында жасанды өсіру жүйесінің элементтері, химиялық заттар, тұқымдар және есірткі заттарының белгілері бар бұталар табылып, тәркіленді.
Тергеу нәтижесінде ер адам тұқымдарды мессенджер арқылы тапсырыс беріп, өсімдіктерді үй жағдайында өсіргені анықталды. Ол жасаған ісін мойындады, есірткі қолдану фактісі медициналық сараптамамен расталды. Ұсталған сәтте пәтерде оның кәмелетке толмаған бес баласы да болған.