Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша Шымкент қаласының аумағында жалпы салмағы 21 грамм «марихуана» есірткі затын өткізген 32 жастағы азаматты ұстады.
Тінту кезінде ұсталғаннан «марихуана» есірткісі, тегіс ұңғылы қару және бірқатар оқ-дәрілер тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.