Көлік полицейлері жоғалған кәмелетке толмаған қытайлық туристі тапты

Көлік полицейлері жоғалған кәмелетке толмаған қытайлық туристі тапты

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті.

Арада біраз уақыт өткенннен кейін көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматшасы Мия Ю Тинь анықталды. Шетел  азаматшасы аман-есен табылды.

Қыз баланың жеке басын анықтағаннан кейін іздеу бастамашысы хабардар етіліп, ол анасының қолына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының полициясы Қытайдан анасымен сапарлап келіп, жоғалып кеткен кәмелетке толмаған туристке іздеу салған болатын.