Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды

Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтады деген күдікпен Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

 Жеке басын тінту барысында ұсталғаннан "Альфа-PvP" синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ол есірткіні интернет-дүкендер арқылы жеке тұтыну үшін сатып алып отырғандығын айтты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен қаскүнемге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Естеріңізге сала кетейік, еліміздің көлік полицейлері жыл басынан бері 178 есірткі құқық бұзушылығын анықтаған, оның 6-сы өткізу фактісі, 18-і аса ірі көлемде сақтау. Заңсыз айналымнан 64 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.